Алматыда заманауи тұрмыстық техникалар көрмесі өтті. Ауқымды іс-шараға шетелден келген өндірушілер, инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысты. Көрменің негізгі мақсаты – сауда байланыстарын дамыту, инвестиция тарту және халықаралық іскерлік әріптестікті нығайту.
Қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Форум аясында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың айтуынша, Алматы облысының қолайлы географиялық орналасуы шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мол мүмкіндік береді.
АЗАТ ӘСЕМБАЙ
КӨРМЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
“Алматы облысы логистикалық және қоймалық хаб жағынан көшбасшы Қазақстанда. Негізі Алматы облысымына қытаймен басқа жақтың арасындағы саудада қақап ретінде, көпір ретінде өте үлкен мүмкіндіктері бар”.
Ақпараттың толық нұсқасы сiлтеме арқылы қолжетімді.