Отандық бизнес халықаралық өндірушілермен тікелей байланыс орнатады – Egemen Qazaqstan

2026 жылғы 6–8 тамыз аралығында Алматыдағы Atakent-Expo көрме орталығында халықаралық HomeTech & Electra 2026 іскерлік көрмесі өтеді. World Silk Way компаниясы ұйымдастырып отырған жоба электроника, тұрмыстық техника, смарт құрылғылар, жарықтандыру және электротехника саласындағы шетелдік өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға жинап, қазақстандық кәсіпкерлерге тікелей серіктестік орнатуға мүмкіндік бермек.

Көрменің негізгі мақсаты – өндірушілер, жеткізушілер, дистрибьюторлар, сауда желілері, маркетплейстер мен кәсіпкерлер арасында тікелей келіссөздер жүргізуге жағдай жасап, жаңа іскерлік байланыстарды дамыту. Сонымен қатар жоба Алматының Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда және логистика орталығы ретіндегі рөлін күшейтуді көздейді.

Көрме аясындағы басты жаңалықтардың бірі – жыл бойы жұмыс істейтін B2B Way Club іскерлік клубы. Өндірушілерге, жеткізушілерге, байерлерге, дистрибьюторларға және кәсіпкерлерге арналған бұл тегін платформа қазірдің өзінде Қытай Халық Республикасының 200-ге жуық ірі өндірістік компаниясын біріктіріп отыр. Ұйымдастырушылар келесі жылы олардың санын 1000-нан асыруды жоспарлап отыр.

Ақпараттың толық нұсқасы ciлтеме арқылы қолжетімді.

Закрыть боковую панель