2026 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласындағы «Бақшасарай» Қабылдау үйінде (Тимирязев көшесі, 42) «Қытай (Фошань) – Қазақстан ) Алматы қ., Алматы облысы)»халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтеді. Аталған шараға Қазақстан мен Қытайдың бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және салалық қауымдастықтар қатысады.
БАҚ-ты аккредиттеу: Татьяна Синенко +7 771 416 42 51, pr@worldsilkway.com
Форум құрылыс, өнеркәсіп және логистика салаларындағы іскерлік өзара іс-қимыл алаңына айналады. Іс-шара сауда-экономикалық байланыстар мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың нақты тетіктерін талқылау үшін бизнес, мемлекеттік құрылымдар және салалық қауымдастық өкілдерін біріктіреді.
Форумның негізгі басымдығы — жалпы декларациялардан нақты бизнес келісімдер мен өндірістік әріптестіктерге көшу.
Жоба жетекшісі, «World Silk Way» ЖШС директоры Әсембай Азаттың айтуынша:
«Бүгінде нарық нақты жұмыс істейтін шешімдерді, жедел байланыстарды және бірлескен жобаларды талап етеді. Сондықтан форумның басты мақсаты — екі елдің өндірушілері мен дистрибьюторлары арасында нақты коммерциялық байланыстар қалыптастыру».
Тауар айналымының артуы және Қазақстанның Қытай мен Орталық Азия арасындағы транзиттік әрі өндірістік орталық ретіндегі рөлінің күшеюі аясында қатысушылар тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыру және өзара саудадағы кедергілерді азайту жолдарын талқылайды.
Құрылыс саласына — ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне — ерекше назар аударылады. Талқылау барысында өндірісті жергіліктендіру, инвестиция тарту, құрылыс материалдарын, жабдықтарды және инженерлік шешімдерді бірлесіп өндіру, сондай-ақ бірлескен өндіріс пен бизнесті кеңейтуге арналған перспективалы бағыттарды айқындау мәселелері қарастырылады.
Бағдарламаның жеке бөлігі ретінде B2B-кездесулер өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.
Сонымен қатар қатысушылар Алматы қаласы мен Алматы облысының инвестициялық және логистикалық орталық ретіндегі рөлін, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы жаңа көлік бағыттарын дамыту мәселелерін талқылайды.
Еске сала кетейік, «Қытай (Фошань) – Қазақстан (Алматы қ., Алматы облысы)»сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы 2026 жылғы 6–8 тамыз аралығында Алматыда өтетін HomeTech & Electra халықаралық салалық көрмесінің бизнес-экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Көрме өңірдегі көпжақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«Қытай (Фошань) – Қазақстан (Алматы қ., Алматы облысы)»
сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы бағдарламасы
Күні: 2026 жылғы 27 сәуір
Өтетін орны мен мекенжайы: «Бақшасарай» Қабылдау үйі, Тимирязев көшесі, 42к1, Алматы
Тіркеу: 14:00
14:00 – 14:30 Қатысушыларды тіркеу, қарсы алу, нетворкинг
14:30 – 14:49 Форумның ресми ашылуы
14:49 – 15:04 «Фошань: өнеркәсіптік әлеует, экспорттық мүмкіндіктер және ынтымақтастық бағыттары» тақырыбындағы презентация
15:04 – 15:14 «Алматы қаласы: нарық, инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастық шарттары» тақырыбындағы презентация
15:14 – 15:25 «Алматы облысы және Қазақстан: нарық, инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастық шарттары» тақырыбындағы презентация
15:25 – 15:32 «HomeTech & Electra және DecoTech Expo: салалық ынтымақтастықтың халықаралық B2B-платформалары» презентациясы
15:32 – 15:39 B2B Way Club: әріптестіктерді сүйемелдеу және өзара іс-қимылды дамыту тетігі
15:39 – 16:00 Қазақстандық компаниялар мен байерлердің сөз сөйлеуі: сұраныс, қажеттіліктер, ынтымақтастыққа қызығушылық
16:00 – 16:35 ҚХР және ҚР ресми және институционалдық өкілдерінің жабық жұмыс дөңгелек үстелі
16:00 – 16:40 Кофе-брейк, B2B нетворкинг және форум қатысушыларының іскерлік келіссөздері
16:40 – 16:55 Қатысушылардың ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі
Анықтама үшін:
HomeTech & Electra халықаралық электроника және тұрмыстық техника көрмесі алғаш рет 2024 жылы Алматыда өтті. Жоба электроника, цифрлық технологиялар және тұрмыстық техника саласының өндірушілерін, дистрибьюторларын және өкілдерін біріктіреді.
HomeTech & Electra 2025 іскерлік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы облысы әкімдігінің, Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, ШЫҰ елдеріне арналған цифрлық технологиялар платформасының жұмыс комитетінің, «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» қорының, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Жоба ұйымдастырушысы – «World Silk Way» компаниясы.
БАҚ аккредитациясы: Татьяна Синенко, +7 771 416 42 51, pr@worldsilkway.com